Нұр-Сұлтанда псориаздан емдейтін жаңа дәрі-дәрмекті сынақтан өткізуде
Назарбаев Университетінің зерттеушілері НУ коммерцияландыру офисінің қолдауымен жасаған псориаздан емдейтін препаратты еріктілерге сынақтан өткізе бастады. Қазіргі кезеңде ғалымдар препараттың биологиялық қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттейді.
“Қазір біз бас терісінің псориазымен және себореялық дерматозбен ауыратындардың барлығын шақырамыз. Мұндай зерттеулерді 2021 жылдың ортасына дейін жүргізуді жоспарлап отырмыз”,-деді “National Laboratory Astana” ЖМ, Өмір туралы ғылымдар орталығы, Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының басшысы Шолпан Асқарова.
Естеріңізге сала кетейік, ғалымдар жасаған псориаз құралы “А-псориин” деп аталады. Жаңа препараттың құрамы түпнұсқа емес, бұл зат медициналық практикада басқа медициналық мақсатта көктамырға инъекция түрінде қолданылады. Бірақ препарат бұрын сориазға қарсы жақпа ретінде қолданылған жоқ.
Ерікті медициналық зерттеуге қатысу үшін еріктілер Республикалық диагностикалық орталыққа немесе University Medical Center корпоративтік қорына жүгінуі қажет, сонымен қатар толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 70-15-50 телефонына қоңырау шалуға болады.