Назарбаев Университеті мен Tsinghua Университетінің бірлескен жастар форумы онлайн режимінде өтті

 2 шілдеде Назарбаев Университеті мен Tsinghua Университетінің бірлескен онлайн-форумы өтті. Қатысушыларға кез-келген университеттің тұрақты дамуының ажырамас бөлігі ретінде академиялық адалдық тақырыбын талқылау ұсынылды.

Академиялық адалдық – бұл шындық, сенімділік, құрмет, әділеттілік және де жауапкершілік қағидаттарын ұстану.

Форумға қатысушылар өздерінің Университеттерінің академиялық ережелері мен адалдық стандарттары туралы әңгімелесті, сондай-ақ өз жұмысында этикалық қағидаларды сақтау тәжірибелерімен алмасты.

Назарбаев Университеті атынан форумының спикерлері болып НУ-нің Академиялық мәселелер жөніндегі Вице-провосты доктор Лоретта О’Доннелл, НУ Студенттік үкіметінің президенті Зарина Байдалинова және НУ-нің инженерлік-құрылыс бойынша түлегі Инкар Бахетинер сөз сөйледі.