Назарбаев Университетінде IV ABC Incubation бағдарламасы басталды

Өз стартаптыңды іске қосқың келе ме, бірақ неден бастауды білмейсің бе? Өз бизнес-идеяларыңды іске асыру үшін кешенді қолдау алғыңыз келе ме?

Онда ABC INCUBATION бағдарламасы сен үшін! ABC INCUBATION бағдарламасына қатысып, 12 апта ішінде өз идеяңды жұмыс істейтін бизнеске айналдыруға мүмкіндік ал.

ABC INCUBATION бағдарламасының қатысушысы бол, біз саған қысқа мерзімде:

– команданы қалыптастыруға;
– бизнес-гипотезаны тексеруге және жұмыс бизнес-моделді анықтауға;
– болашақ өнімнің жұмыс істеп тұрған прототипін жасауға;
– бірінші клиенттер мен әлеуетті инвесторлар үшін ұсыныстар дайындауға (Pitch Deck, қаржы моделі, стартаптың даму жоспары) көмектесеміз.

Үздік командалар жобаға 2 млн. KZT алады*
және шетелдік стартап-іс-шараларға қатысады**

ЖОБАЛАРДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

  • Өнеркәсіптік IoT шешімдері
  • Денсаулық сақтау және медицина
  • Ауыл шаруашылығына арналған технологиялар
  • Құрылыс секторындағы технологиялар
  • Химия және жаңа материалдар
  • Басқа технологиялық салалар

Бағдарлама барлығы үшін ашық және Назарбаев Университетінің алаңында өтеді

2020 ЖЫЛДЫҢ 24 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІН ТІРКЕЛІП ҮЛГЕР ЖӘНЕ ABC INCUBATION БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛ!

Өтінім беру және бағдарламамен толық танысу

* Demo Day-ге қатысқан үздік стартаптардың әрқайсысы 2 миллион теңгеге дейін қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.
** Demo Day-ге қатысқан және халықаралық стартап-іс-шаралар мен инвестициялық алаңдарды ұйымдастырушылардан алғашқы шақыру алған ABC Incubation бағдарламасы түлектерінің -стартаптардың шығындары жабылады.

 

Басқа материалдар:

FAQ. Назарбаев Университетіне қалай түсуге болады?

Табысты стартапшының 5 негізгі аспектілері

Стартаперге арналған 7 кеңес