Фармаколог пен токсиколог мамандығына қайда оқиды?

Фармаколог – бұл дәрілік немесе химиялық заттардың ағзаға қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді уытты әсерін зерттейтін маман. Токсикология дәрілердің, қоршаған ортаның, өнеркәсіптік немесе тұрмыстық химикаттардың ағзаға немесе қоршаған ортаға уытты әсерін зерттейді және дәрілік заттарды қабылдаудан қалайша жанама әсерлер туындайтынын түсіндіре алады.
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде фармакология және токсикология саласындағы магистратура бағдарламасы студенттерді бір мезгілде екі аралас салаға оқытуға бағытталған. Сонымен қатар, студенттер фармакология және токсикология мамандықтарын жеке-жеке, сондай-ақ қалауы бойынша екеуін де таңдай алады. Биылғы оқу жылында бұл бағдарлама бойынша оқуға 10 грант бөлінген. Бағдарламаға сауалнаманы осы жерде жіберуге болады.

Бағдарламаның бірінші курсында студенттер әртүрлі ауруларды, олардың қалай пайда болатынын және оларды емдеу тәсілдерін үйренеді. Студенттер сондай-ақ “зертханадан дәріханадағы сөреге дейін” дәрілік заттарды іздеу процесінің кезеңдерін біледі. Екінші курста студенттер алған білімдерін магистратура бағдарламасының зерттеу жобасы аясында қолдануға және практикаға көшеді. Сонымен қатар, студенттердің білімін жақсарту және фармацевтика саласындағы кәсіпкерлікте әлеуетін арттыру үшін басқа да пәндерді (қалауы бойынша) оқуға мүмкіндігі болады.

Оқу бағдарламасы студенттерді фармакология саласында жұмыс істеуге дайындауға, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға, фармакология, токсикология немесе басқа да аралас салаларда доктор дәрежесін алуға арналғанын атап өткен маңызды.

Оқуға түсу талаптары қандай?
● Бакалавр немесе магистр дәрежесі
● Орташа GPA балл 4.0-ден 2.75 немесе баламасы
● IELTS емтиханы бойынша балл 6.5, әр сегмент бойынша кемінде 6.0 балл болуы қажет

Медицина мектебінің бағдарламалары туралы мына жерден нақтырақ білуге болады.