“November Bloom” – Астана балы – 2019
Назарбаев Университетінің студенттері жыл сайын ұйымдастыратын Astana Ball қайырымдылық балы НУ атриумында өтті. Балдың басты мақсаты – жастар арасында әлемдік заманауи мәдениетті танымал ету және оларды қайырымдылық акцияларына қатысуға тарту.
2019 жылғы “November Bloom” Astana Ball тақырыбы би мен музыка тілі арқылы күздің ұмытылмас сәттерін, самал желдің лебі мен үзіліп түскен жапырақтардың сыбдырын жеткізе білуге арналды.
Өткен жылы студенттердің және оқытушылардың көмегімен Astana Ball 2018 әлеуметтік жобасы аясында екі жүз отыз екі мың теңге сомасында қайырымдылық көмек жиналған болатын. Қайырымдылық көмек ретінде жиналған қаражат өңірлік мектептердің оқушылары үшін оқу материалдары мен маршрутизаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталды.
Биыл жиналған қаражат арнайы білім беру орталықтарының бірі – “Education for All”көмек көрсетуге жұмсалады. “Education for All” оларға сапалы білім алуға мүмкіндік бере отырып, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарды қолдауға бағытталған және Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытуға үлкен үлес қосады.