Ғылым қызықты бола алады! Назарбаев Университетіндгі STEM-олимпиада
2019 жылдың 1-2 қарашасында Назарбаев Университетінде “STEM-білім берудегі инновациялар” бірінші республикалық STEM олимпиадасы өтті. Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты елдің жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің оқушылары арасында STEM білім беруді танымал ету, сондай-ақ инженерия, бағдарламалау, жобалау робот техникасы және 3D үлгілеу сияқты техникалық салаларда талантты балаларды іздеу болып табылады.
STEM олимпиадасы – бұл техникалық білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді қамтитын инновациялық білім беру олимпиадасы. STEM білім беруді танымал ету нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдануды және балалардың техникалық пәндерге қызығушылығын дамытуды білдіреді.
Іс-шараға елордалық білім беру мекемелерінің, сондай-ақ Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Іс-шараға білім беру саласындағы жетекші сарапшылар мен спикерлер қатысты.
Олимпиада “Астана Innovations” АҚ-ның қолдауымен Назарбаев Университеті мен “STEM Academia” ЖШС, “Астана Дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының, білім беруді жаңғырту орталығы МКҚК және НУ “НУРИС” ЖМ қолдауымен өткізілді.
Екі күн бойы оқушылар өз білімдерін іс жүзінде қолдана білу бойынша жарысты: 10 кг салмаққа шыдайтын сабаннан көпір салу, 30 кг-ға дейін салмаққа шыдайтын және 20 метрге дейін ашық бассейнде жүзе алатын кеме жасау, қауіпсіз машиналар жасау үшін механизмдер ойлап табу және т.б.
STEM-академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар нақты өмір контекстінде зерделенетін оқытудың интеграцияланған тәсілі. Мұндай тәсілдің мақсаты – STEM-сауаттылықты және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті дамытуға ықпал ететін мектеп, қоғам, жұмыс және тұтас әлем арасында тұрақты байланыстар құру (Tsupros, 2009).