Назарбаев Университетінің студенттері «Ақын және оның музасы» атты сахналық қойылымын тарту етті
Назарбаев Университетінде 2019 жылдың 7 қарашасында ұлы ақын Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Ақын және оның музасы» атты әдеби-театрланған кеші өтті.
Назарбаев Университетінің ИЦҒМ, ЖӘГҒМ, ТЖҒМ-нің 1-4 курс студенттері Бақнұр Адихан, Салтанат Айдарова, Аслан Ақжанов, Әлия Алмас, Балнұр Базарбаева, Дәурен Идриссов, Маржан Жүнісбекова, Әсел Қадыркүл, Мұхаметжан Қаратаев, Разида Кеңес, Кәмиля Кенжеханқызы, Нұрболат Кенжекұлов, Аяужан Хамитова, Арайлым Хусаин, Белес Қозыхан, Бекзат Қуанышбаев, Рахат Бейсенбек, Арман Күзембаев, Отанхан Майкенов, Шамиль Муреев, Әйгерім Наурызбекова, Аида Нүркенова, Данияр Пашар, Красыл Сағынов, Асланбек Шарипов, Жұлдыз Сухамбек, Таңсұлу Темірбекова, Рамазан Уалдинұлы, Айбар Үсенов, Әкежан Жанұзақ Ілияс Жансүгіровтің танымал «Күйші» поэмасы мен Мұхтар Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясының желісінде жазылған сахналық қойылымын тарту етті. Іс-шара НУ түлегі Нұрсұлтан Есенқұл және ЖӘГҒМ-нің қауымдастырылған профессоры Марк Лоуренстың орындауындағы Ақан серінің «Балқадиша» әнімен және студенттердің ақынның «Құлагер» поэмасынан үзінділерін ағылшын және қазақ тілдерінде оқуымен жалғасты. НУ Оркестрі «Адай» күйімен осы кешті аяқтады.
Іс-шараның қатысушылары – Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, депутаттар, ақын-жазушылар, журналистер, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары және мектеп басшылары мен оқушылары Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитқызының Ұлы Махаббатына куә болды.
Осындай іс-шаралар, жастардың бойындағы таланттарын ашуға, олардың поэзияға қызығушылығын жоғарылатуға, рухани қабілеттерін дамытуға әсер етеді. Актерлық ойын студенттерге өз ойларын ашық білдіруге, көрермендердің алдында сөз сөйлеу қорқынышын болдырмауға көмектеседі,- деп бағалады Назарбаев Университетінің Рухани жаңғыру мәдени орталығының директоры Құрманбай Гүлтас Сайынқызы.
Назарбаев Университетінің Рухани жаңғыру мәдени орталығының басшылығымен студенттердің ұйымдастырған іс-шараға ақынның немересі, «Сандж» зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Жандосова қатысты.
Ақпаратты Гүлназ Қаламбаева ұсынды