Саналы тұтыну және үш R ережесі туралы

 

Вероника Дашкова, кәсіби эколог, экология саласындағы PhD кандидаты, экология саласындағы зерттеу жұмысының жеті жылдық тәжірибесі бар, экотренер – экологиялық ағарту жөніндегі маман, эколог және Ресейлік  «Жасыл драйвер» экотренерлер мектебінің түлегі, экологиялық өмірді қалай жүргізу керектігі туралы айтып берді.

Саналы тұтыну дегеніміз не? Неге саналы тұтынушы болу өте  маңызды? Саналы сатып алушы өзін қалай ұстайды?

Саналы тұтыну – бұл мінез-құлық түрі, бұл ретте  тұтынушы тауарлар мен қызметтер түріндегі табиғи ресурстарды қоршаған ортаға және өзінің денсаулығына қамқорлық көрсете отырып, керекті қажеттіліктерді ғана қанағаттандыру үшін ақылға қонымды түрде пайдаланады.

Саналы тұтыну үш R қағидаттарына негізделген:

Reduce (тұтынуды азайту),
Reuse (қайта пайдалану және нәрселерге екінші өмір беру),
Recycle (қайта өңдеу).

Неге саналы тұтынушы болу өте маңызды?

Күн сайын адамзат киім, тамақ, техника, косметика, үйге арналған тауарлар және т.б. сияқты материалдық игіліктер түріндегі көптеген Жер ресурстарын тұтынады. Жыл сайын әлемде бір адамға 11 тонна тауар (ет, балық, көкөніс, жеміс – жидек, мата, ағаш, металл, мұнай, минералдар, резеңке, пластмасса) өндіріледі, – дейді Вероника.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметтері бойынша, бүгінгі тұтынудың аясында адамзатқа өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Жер планетасының 1,7 бөлігі қажет. БҰҰ-ның Азық-түлік ресурстарын пайдалану туралы баяндамасындағы мәлімет бойынша  АҚШ-та өндірілетін азық-түлік өнімдерінің шамамен 40%-ы жуынды төгетін жерге жіберіледі екен. Еуропада жыл сайын 100 млн тонна азық-түлік шығарылып тасталады. Статистика бойынша сатып алынған тағамның ⅓ лақтырылады.  Осы қоқыстың барлығы қоқыс жинайтын жерде үйіледі, сөйтіп  суды, топырақты, ауаны ластайды.

Саналы сатып алушы өзін қалай ұстайды?

1.Саналы сатып алушы әрдайым өзіне сұрақ қояды:

Маған бұл затты сатып алу керек пе?
Бұл сатып алған зат  ұзақ уақыт бойы маған пайда немесе қуаныш әкеледі ме?
Бағаның/сапаның арақатынасы қандай?
Сатып алған  зат ұзақ мерзімді перспективада менің денсаулығыма және ҚО жағдайына қандай әсер етеді?

2. Сондай-ақ саналы сатып алушы экологиялық тауарларды таңдайды

Экоөнімдер қазір көптеген қаптамаларда «эко», «био», «органик» және т.б. жазулар арқылы көрсетіледі. Бірақ бұл әрдайым шындыққа сәйкес келмейді.

Экотауарлар – бұл адамның денсаулығына ғана емес, сондай-ақ тіршілік кезеңі ішінде  ҚО-ға қауіпсіз тауарлар.  Тауардың тіршілік кезеңі шикізат өндіруді, өндірісті, көлікті, пайдалануды, кәдеге жаратуды қамтиды.

Экотауардың негізгі өлшемі тәуелсіз сараптау комиссиясы мақұлдаған экологиялық таңбалау болып табылады. Сондай-ақ, экотауарды келесі белгілер бойынша анықтауға болады:

-Табиғи құрамы
-Тексерілген брендтер және жеткізушілер
-Тауардың жергілікті болуы
-Тауардың маусымдылығы
-Қайта өңделетін қаптама

3. Саналы тұтынушы бір реттік заттарды пайдалану санын азайтады. Мысалы, бір реттік пластикалық пакеттерді пайдаланудың орнына саналы тұтынушы дүкенге өзінің бірнеше рет қолданылатын сөмкелерімен және  дорбаларымен барады.

Дүкенге экологиялық түрде бару бойынша Верониканың кеңестері:

  • Тамақ ішіп бару
  • Бір реттік пластикалық пакеттерді алмау үшін дорбаларды, экоқапшықтарды, экосөмкелерді алып жүру
  • Тізім жасау және тек қажетті заттарды ғана сатып алу
  • 100 экотаңбалары бар Ecolabel Guide Қосымшасын жүктеп алу
  • Өңдеу белгілерін білу
  • Қажетті ақша сомасын ғана алып жүру, қолма-қол ақшаның болғаны жақсы

Биылғы жылы Вероника Дашкова Назарбаев Университетінде NU Green Campus-пен бірге «Жаңадан бастағандарға арналған саналы тұтыну»  атты тегін авторлық оқыту курсын іске қосты, саналы тұтынудың негізгі қағидаттарымен таныстыратын болады және дүкенге экологиялық түрде баруға қажетті барлық қажетті құралдарды ұсынатын болады.  

Оқыту бағдарламасы үш негізгі модульден тұрады:

Экотаңбалар: қолданыстағы экотаңбалардың негізгі түрлері және олардың маңызы;
Тауардың қаптамасы: тауардың неғұрлым экологиялық қаптамалары және қайтадан өңдеуге жататын қаптамалардың түрлері;
Экологияны жақтаушының жинағы: дүкенге экологиялық түрде бару  үшін қажетті құралдар.

«Жаңадан бастағандарға арналған саналы тұтыну» оқыту курсынан кез келген адам өте алады. Кезекті курсқа қабылдау келесі жылы ашылады, сайтта ақпаратты қадағалап отырыңыздар.