НУ профессорының кітабы Уэльс Университеті басылымының жаңа шығармалар каталогына енгізілді
Доктор Дженни Лехтенен – Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің тілдер, лингвистика және әдебиеттер кафедрасының ассистент профессоры. Оның «Босатылған Донья Барбара: Венесуэлла жазықтарынан халықаралық экрандарға дейін» атты жаңа кітабы 2021 жылғы көктем-жаз маусымының жаңа атаулар каталогына енгізілді (Уэльс университетінің баспасы) .
“Донья Барбара” – Ромуло Гальегос жазған 1929 жылғы венесуэлалық роман негізінде жасалған испан тіліндегі теленовелла. Доктор Лехтиненнің кітабы фильмдер мен теленовеллалар Латын Америкасы қоғамдарындағы әйел рөлі cияқты әлеуметтік нормалардағы өзгерістерді көрсету және көрермендердің ойынан шығу үшін Донья Барбара оқиғасын қалай өзгертілгенін көрсетеді
Доктор Лехтинен Латын Америкасы мен Кариб бассейніне қатысты барлық нәрселерге қызығушылық танытады. Сонымен қатар НУ студенттерін әлемнің осы бөлігінің қызықты әрі алуан түрлі мәдениетімен таныстыруға тырысады.
«Бұл монография бір бастапқы мәтіннің бір-бірімен диалогта бейімделген нұсқаларынан тұрады және Гальегос тарихының өзгеруіндегі көрерменнің рөлін көрсетеді», – делінген каталогта.
Доктор Лехтинен Финляндияда дүниеге келгенімен, өмірінің көп бөлігін Испания мен Ұлыбританияда өткізді. Ол ағылшын, испан, швед және фин тілдерін меңгерген. Доктор Лехтинен өзін белгілі бір нақты елдің өкілі емес, әлем азаматы ретінде санайды.
Уэльс Университетінің баспасы каталогты электрондық пошта арқылы Ұлыбританиядағы және бүкіл Еуропадағы кітап дүкендеріне жіберетінін атап өткен жөн.