NU студенттері Bilim Hackathon-2022 байқауының жеңімпаздары атанды
Нұр-Сұлтанда Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен колледждер мен университет студенттері арасында «BILIM Hackathon-2022» IT-байқауы өтті. 27 наурызда BILIM Hackathon-2022 жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жарысқа қатысуға еліміздің барлық өңірінен 107 команда өтініш берді. 230 студенттен құралған 72 команда финалға жолдама алды.Жүлде қоры 3,5 миллион теңгені құрады.
Қатысушылар білім беру саласында қолдануға арналған цифрлық жобаларды ұсынды. Байқауда 3 номинация болды: Үздік идея (500 мың теңге), Үздік шешім (1 миллион теңге) және Үздік жоба (1,5 миллион теңге). Қазылар алқасының шешімімен «Үздік жоба» номинациясы бойынша Назарбаев Университеті мен Астана IT университетінің студенттері (1,5 млн. теңге) және Назарбаев Университетінің тағы бір командасы – «Үздік шешім» (1 млн. теңге) номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен қатар Daryn online, BTS Education, EDUS, Mail.kz және т.б. сияқты қазақстандық IT-компанияларда жұмыс табу мүмкіндігіне ие болды. Оның үстіне кейбірі өз инвесторларын тауып үлгерді.
Жеңімпаз команда мүшелерінің бірі – NU SEDS cтуденті Әсел Абзалованы әңгімеге тартқан едік.
Жобаңыз туралы айтып беріңізші. Идея қалай пайда болды?
Біздің жоба – жасанды интеллект арқылы оқуға достар табуға арналған мобильді қосымша. Біз бұл идеяға өткен оқу жылының барлығын құрдастарымызбен толық оқу мүмкіндігінсіз онлайн өткізгенімізді және бұл біздің оқу үлгерімімізге нашар әсер еткенін түсінгеннен кейін келдік. Жалғыз оқығанда, сізді дұрыс жолға бағыттайтын мотивация да, тәлімгер де болмайды. Сондықтан біз онлайн және офлайн режимінде оқу кездесулеріңізді жасауға, сондай-ақ оқудағы достарды іздеуге көмектесетін мобильді қосымшаны әзірледік.
Жарыс пен ұйымдастырудан алған әсеріңіз қандай?
Бізге бәрінен де әр командаға жақындап, сұрақтар қойып, сол арқылы дұрыс жолға итермелейтін тәлімгерлердің көмегі ұнады. Сондай-ақ, маған хакатон атмосферасы өте ұнады – бәсекелестік пен достық. Барлығының көзінен білімге деген құштарлық пен ұмтылыс байқалды. Менің есімде, мектеп оқушысының біздің командалас достарымызға – Яндекстің бұрынғы стажерлеріне – қалай жақындағаны және олардың бағдарламалау дағдыларын қалай көтеруге болатынын ынтамен сұрай бастағаны есімде. Бұл хакатоннан кейінгі ең сүйкімді сәт болды.
Алдағы жоспарларыңыз қандай?
«Көп болса көп» дегендей. Болашақта біз жобаны әзірлейтін шығармыз, өйткені бұл идея қазір, карантин алынып тасталып, оффлайн оқытуға көшу кезінде өзекті болып көрінеді.
Командада Әселмен бірге Абылай Қайратбек, Мейірлан Сүйірханов, Дастан Бекмұханбетов және Нұрлан Салауат болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және олардың ғылымда өркендеп дамуына тілектеспіз!