НУ түлектерінің үшінші кездесуі “The Power of Being Together» “The Power of Being Together»

26 қазанда Назарбаев Университетінде 2015-2019 жылдардағы түлектерін біріктірген кездесуі өтті.  500-ге жуық түлек өз “альма-матер” қабырғасында өз жетістіктерімен және тәжірибелерімен бөлісіп, туған университетінің атмосферасына қайтадан ену үшін жиналды.

Назарбаев Университеті түлектердің кездесуін үшінші рет ұйымдастырады. Бұрын мұндай кездесулер 2016 және 2017 жылдары өткізілді. Түлектер кездесуi түлектердің қарым-қатынасы, кәсіби байланыстарды орнату, университетте оқуды аяқтағаннан кейін кездесетін түрлі мәселелерді бірлесіп талқылау алаңына айналуға тиіс. 

Университет әкімшілігі атынан Назарбаев Университетінің провосты Илесами Адесида, Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова және мансап және кәсіби бағдар орталығының директоры Евгения Ким құттықтау сөз сөйледі. 

Іс-шара бірнеше өз мақсаттары мен бағыттылығына ие бөлімдерге бөлінді. Оның интерактивті бөлімінде (Ice Breaking) түлектер командалық ойындар мен жарыстарға қатысты.  Екінші зияткерлік бөлім барысында (Lead Talks) түлектер алдында қоғамдағы өзгерістерге оң әсер ететін Қазақстанға танымал тұлғалар қатарынан шақырылған спикерлер сөз сөйледі. Үшінші бөлімде (Pitching for graduates) конкурсқа қатысу үшін алдын ала іріктеуден өткен түлектер университетті бітіргеннен кейін өзінің жұмыс/оқу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, сөз сөйлеулер бизнес-жобалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру, одан әрі білім беру, мансаптық жетістіктер, өмір сабақтары, қызмет саласының өзгеруі, спорттық жетістіктер, қоғамдық қызмет және т. б. сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтыды.

Соңында түлектер мектеп базасында профессорлық-оқытушылық құраммен (Meet your School) шағын кездесулерге қатысты. Бұл жерде оларға мектеп өміріндегі жаңалықтар, жаңа жетістіктер мен бағдарламалар туралы айтылды. Түлектер студенттік өмір туралы естеліктерімен бөлісті,өздерінің жетістіктері туралы айтып бердi.

Дәстүр бойынша кездесу бағдарламасы би кешімен аяқталды (Afterparty).

Жалпы, 2015-2018 жылдары Назарбаев Университеті 3584 түлек даярлап шығарды. Оның ішінде 2386 бакалавриат бағдарламасының түлегі, 1166 магистратура бағдарламасы бойынша, 18 PhD бағдарламасы бойынша және 14 MD бағдарламасы бойынша.

 

Шақырылған спикерлер: 

Әйгерім Хафизова, кәсіпкер, Edgravity оқыту негізін қалаушы, Edgravity_business, LinchPinEffect білім беру стартаптарының тең құрылтайшысы

Айдын Айымбетов, қазақстандық ғарышкер, “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма мүшесі»

Махаббат Есен, журналист, теле және радио жүргізушісі, “Қазмедиа Ortalyqy” Медиа мектебінің директоры”

Ержан Есімханов, серіктес, GRATA халықаралық заң фирмасының жетекшісі.