Саяхаттан күтпеген жағдай: Студент-инженер қалай режиссёрге айналды
Электр инженериясы мен кино қалай бір-бірімен байланысты? Шығармашылық пен оқуды қалай біріктіруге болады? Студент бола тұра, хоббимен айналысып, табыс табу мүмкін бе?
Назарбаев Университетінің студенті Әділет Әбіш осы арадағы байланысты тапты, жай тауып алып қана қойған жоқ, екі бағытта да белсенді дамып келеді. Әділет Әбіш – Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің “Электр және компьютерлік инженерия” мамандығының 4 курс студенті, оқуымен қатар, өз хоббиін дамытуда және ол оған табыс әкелуде.
2018 жылы Әділеттің “Жел” атты қысқа метражды фильмі Қазақ Ұлттық Өнер университетінің “KinostArt-2018” кино сыншылар сыйлығы байқауында ең үздік ойын фильмі атанды. Одан бір жыл бұрын Әділет Назарбаев Университетінің “NU Annual Film Fest 2017” кинофестивалінде қысқа метражды фильмдер байқауында жеңіске жетті.
Әділеттің авторлық жұмыстарын мына жерден көруге болады
Әділет бұл іспен сонау мектеп қабырғасынан бері әуестене бастады, сол 2012 жылы ол ең жақсы камерасы бар смарфтонға өзі ақша жинады. Ұлының жетістіктерін байқаған әкесі отбасылық суретке түсіру үшін айналы жартылай кәсіби фотоаппарат сатып алды, ал әпкесі материалдарды өңдеу үшін ноутбугін бере тұрды.
– Әділет, сіздің алдыңғы сұхбатыңызда сіз өзіңіздің қызығушылығыңыз туралы айтып бердіңіз, сіз қазір қайда, өміріңіздің қай кезеңінде екеніңізді айтып бере аласыз ба? Өткен екі жылдағы жетістіктеріңіз қандай?
Қазір мен түсірілімдермен және оларды ұйымдастырумен айналысамын, кейде продюсер боламын. Жаз бойы үш деректі фильм түсірдім, олардың екеуі жарыққа шықты. Интернет-журналдардың бірімен әріптестікте тағы бір үлкен деректі фильм дайындалуда. Қазір биылғы жылғы келісімшарттардың барлығымен жұмыс жасап жатырмын.
Екі жыл ішінде көп нәрсе өзгерді, қазір артқа бұрылып, бұрын не түсіргеніме қарағым келмейді, олай істеген сұмдық болары рас. Егер мұндай сезім болса, онда біз өсіп-жетіліп келеміз және біз дұрыс бағыттамыз деп ойлаймын.
Менің BI group, Unicef, Vlast.kz, Oftum және т.б. сияқты, бейілді клиенттерімнің белгілі базасы бар, біз оларға имидждік фильмдер мен бейнетаспалар жасаймыз.
– Қазір сіз Электр және компьютерлік инженерия мамандығы бойынша төртінші курста оқып жүрсіз, сіз бұл таңдауға қалай келдіңіз? Емтихандарды қалай тапсырдыңыз? Қандай орта мектепті бітірдіңіз? Университетті таңдауға кім ықпал етті?
Мен мектепте тек беске оқыдым және елгезек болдым. Алматы қаласының Ы. Алтынсарин атындағы № 159 мектепте оқыдым. Жалпы, мен барлығы армандайтын алтын медальді алу үшін ҰБТ-ға бар ынта-жігеріммен дайындалдым. НУ емтихандарына бір ай қалғанда досым маған Назарбаев Университетінің емтихандарына дайындалуды ұсынды, біз сол кезде тек физика мен математиканы жақсы білдік, сын тұрғысынан ойлау туралы ешқашан естіген жоқпыз.
Міне, біз тек ағылшын тілінде физика мен математика терминдерін жаттап алып, осы емтиханды тапсырдық, сол кезде ол SET деп аталды.
Содан кейін оқуға түскенім жайлы хат келді. Маған ҰБТ-ны тапсырмайтыным және менің НУ-ға оқуға түскенім туралы айтылды. Алайда, ата-анам маған “ұят болады”деп, олай істеуге рұқсат бермеді. Мен ҰБТ-ны тапсырып, медалімді қорғадым, қазір ол үйде шаң басып жатыр, кезінде оған “көрімдік” алумен жақсы табыс тауып едім.
Шын мәнінде, мен Алматыдан басқа жерге түскім келмеп еді. НУ-ға оқуға түсу менің әпкемнің идеясы болатын, ол “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқыды және үйден алыс жерде оқыған жақсы әрі қызықты екенін, оның үстіне бұл мені болашақ ересек өмірге дайындайтынын айтты. Міне, сондықтан мен осында Алматыдан келдім. Мектепте оқу бітірушілер легінің арасында басқа жаққа көшкен, тиісінше осы оқу орнына түскен мен ғана болдым.
– Мектепті бітірген Әділет туралы және оның шешімі туралы айтып беріңізші?
Әділет 4 жыл бұрын – бұл ереже бойынша өмір сүретін және университеттегі әр жылы жоспарланып жазылған адам және университеттен кейін де мен қайда жұмыс істейтінімді білдім. Тек өмірде олай болмайды, бәрі күтпеген жерден әрі кенеттен болады. Бірақ егер маған сол уақытта қайта оралуды ұсынса, мен дәл сондай 4 жыл өмір сүрер едім, себебі олар тамаша болды және бәрі дәл осылай қалыптасып жатқанына қуаныштымын.
– Сізге НУ не береді?
Адамдар мен сыни ойлау қабілеті. НУ-дағы адамдар – бұл бәсекеге қабілетті және алдына өршіл мақсат қойған адамдар. Олардың көпшілігі қай салада болса да, нәтижеге қол жеткізе алады.
– Сіз оқу мен хоббиіңізді қалай қатар алып жүре аласыз?
Аз ұйықтау керек:)
Менің жақсы достарым бар, олар маған оқуда көмектеседі. Менің жұмыс істеуге көмектесетін достарым да бар. Биылғы жылы мен көбейіп, міндеттерімді басқаларға жүктей аламын. Тайм менеджмент – фриланста да, тіпті студент болғанда да, ең керегі осы.
– Сіздің отбасыңыз, салт-дәстүрлеріңіз, әдет-ғұрыптарыңыз туралы айтып берсеңіз
Біздің отбасымыз – әдеттегі қазақтың салт-дәстүрлерін ұстанған, қарапайым қазақ отбасы, барлығымыз бір қалада болсақ, апта сайын бас қосуға тырысамыз. Менің тамаша екі әпкем бар, олар мені еркін және жан-жақты болуға тәрбиеледі. Олар мектептегі менің барлық ата-аналар жиналыстарыма қатысты, өмір бойы маған бағыт-бағдар беріп отырды. Мен жұмысымды істей бастағанда пайдаланған алғашқы ноутбугімді маған әпкем несиеге сатып алып берген. Бұл ноутбук әлі бар және ылғи менімен бірге. Менің ата-анам – өте тамаша жандар. Әпкелеріммен салыстырғанда, менің бір нәрсеге мұқтаж болған бірде-бір күнім болмапты, мен үнемі молшылықта өсіппін, ал олардың өскен уақыты ауыр кезең еді.
– Сіз тек студенттік қоғамдастықпен ғана араласып қоймай, еліміздің тыныс-тіршілігіне де белсенді атсалысасыз, осы жайлы айтып беріңізші
Менің қандай да бір азаматтық ұстанымым және адамдарға көмектесуге ниетім бар деп ойлаймын. Мен оны өзімнің еңбегім арқылы білдіремін. Арыс қаласынан репортажда жарылыстан кейін бірден, еш бұлтартпастан, мен бәрін қалай болған күйінде көрсеттім. Адамдар қай жерде адамдар зардап шегіп жатқанын білуі керек. Бәрін бақылап көру қорқынышты екен, Сирияда болған сияқтымын.
Мал шаруашылығы туралы соңғы фильміңіз де біздің адамдардың өмірі туралы. Біз дамуымыз керек, уақытпен бірге қадам басуға тиіспіз.
– Сіз шабыт көздерін қайдан табасыз? Сізді кім шабыттандырады?
Адамдар шабыттандырады, солар осы идеяны қуаттайтын да және оны жандандыратын да.
- Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламалары мен оқуға түсу жайлы ақпаратты осы жерден білуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, 26 қазан, 2019 жыл, Назарбаев Университетінде жыл сайынғы алтыншы “Annual Student Film Festival 2019” қысқа метражды фильмдер байқауы өтті. Іс – шараны Назарбаев Университетінің “Жастар Парламенті-Астана”студенттік клубы ұйымдастырды. “Ең үздік фильм”номинациясы бойынша жас және талантты 6 режиссер бақ сынасты, ал тағы 7 номинация бойынша байқауға қатысушылар сыйлықтар мен жүлделерге ие болды.