НУ жасыл бастамалардың географиясын кеңейтеді
Екі жыл бұрын Назарбаев Университетінде басталған Sustainability Living Lab бағдарламасы өз географиясын кеңейтуді жалғастыруда. Университет қоғамдастығының күшімен жасыл бастамаларды іске асыру бойынша тәжірибені таратуды мақсат еткен Sustainability Living Lab осындай бағдарламаларды Қазақстанның басқа да университеттерінде енгізуге бағытталған.
Енді ол М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде, Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде және Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде студенттерді жаңа жасыл идеяларды іске асыруға шабыттандыратын болады. Бағдарламаны Назарбаев Университетінің Тұрақты даму офисі “National Conservation Initiative” корпоративтік қорымен бірлесіп, Шеврон компаниясының қолдауымен жүзеге асырады.
Sustainability Living Lab бағдарламасының мақсаты – университет кампустарының тұрақты дамуын жақсартуға ықпал ететін қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен қызметкерлерінің жасыл зерттеу және инновациялық жобаларын қолдау.
Барлық SLL жобалары студенттерге, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне қолданбалы зерттеулер мен инновацияларды қолдану арқылы университеттердің нақты экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік беру арқылы кампустың экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған.
Sustainability Living Lab бастамасы университеттер қоғамдастығының зияткерлік әлеуеті мен креативті идеяларын ашуға бағытталған. Бұл тұрақты даму мәселелерінде университеттер қауымдастықтарының ақпараттық білімін арттыруға ықпал етеді, сонымен қатар ең қызықты идеялар мен ойларды жүзеге асыруға көмектеседі, теориялық білімді нақты жобаларға айналдыруға ықпал етеді және жоба қатысушыларына жаңа практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта аталған ЖОО студенттерінен Sustainability Living Lab Outreach бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр (ағымдағы жылғы 30 сәуірге дейін).
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Sustainability Living Lab Outreach бағдарламасы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде жүзеге асырылған болатын.