Ғылым – бұл өнер мен шығармашылық

“Galym-Galam” айдарының біздің келесі қонағымыз – НУ Жоғары білім беру мектебінің ғылыми бағдарламалар жөніндегі директоры Закир Джумакулов.

Закир – ЕҰУ және Michigan State University түлегі. Закир тек ғылыми зерттеулерге ғана емес, сонымен қатар елдің білім беру саясатын дамыту жобаларына да қатысады. Өткен жылы ол Елбасы академиясының “Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлер” жобасы аясында білім беру саласындағы инновациялармен жұмыс жасады. Сонымен қатар, ғалым ҚР БҒМ-ға білім беруді дамытудың ұлттық жобасын әзірлеу бойынша кеңес береді.

Ғалым өзінің сұхбатында қандай маңызды халықаралық білім беру жобаларына қатысатынын және неге оған жалпы білім беру саласы қызықты екенін айтты.

 Сіз НУ ЖББМ-да бұрыннан жұмыс істейсіз. Осы жылдар ішінде мектеп қандай жолдан өтті?

НУ-ға мен 2012 жылы, магистратураны бітірген жылы қосылдым. Ол кезде ЖББМ жоқ еді, мен халықаралық әріптестермен бірге Жоғары білім беру мектебін құрған Білім беру саясаты орталығында (ББСО) жұмыс істей бастадым. ББСО білім саласындағы зерттеулермен айналысатын, оның ішінде әріптестер – Пенсильвания Университеті мен Кембридж Университетімен бірге мектептің маңызды бөлігі.

Үлкен прогресс Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумына да әсер етті. Мен шағын конференциядан EHELF НУ-дің ең маңызды іс-шараларының біріне айналғанына куә болдым.

Сіз бұрын қандай жобалармен жұмыс жасадыңыз, қазіргі уақытта қандай жобаларды жүргізесіз?

ББСО-дағы жұмыс маған білім беру саласындағы көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Мен Пенсильвания Университетінен әріптестеріммен халықаралық командаға қатысқан алғашқы ғылыми жоба жоғары білімді интернационалдандыру тақырыбына қатысты болды. Осы жоба аясында біз “Болашақ” бағдарламасын зерделедік. Нәтижесінде үш ғылыми мақала жаздық, олар бірі әлемдегі ең көп сілтеме жасалатын білім беру журналдарының үштігіне кіреді. Осы мақалалар үшін мен екі тәуелсіз сыйлық алдым: біреуі 2016 жылы Thomson Reuters-тен, екіншісі 2019 жылы Scopus Award-тан. “Болашақ” бағдарламасын зерделей отырып, біз стипендия туралы білім жүйеге келтірілмеген деген қорытынды жасадық. Сондықтан әлемдегі барлық стипендиялық бағдарламаларды зерттеп, олардың типологиясын ұсындық. Бұл мақаланың идеяларын жүзден астам ғалымдар пайдаланды, бұл олардың мақалаға сілтемелерінде көрсетілген. Мен қазір UPenn провосты болып жұмыс істейтін Лаура Пернмен тығыз жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болдым.

Сондай-ақ, мен мезгіл-мезгіл зерттеу әдістері бойынша ЖОО-ларға арналған тренингтер өткіземін және мақалалар жазу туралы өзімнің ойларыммен қуана бөлісемін. Солардың бірі ғылым – бұл өнер мен шығармашылық болып табылады.

Егер ағымдағы жобалар туралы айтатын болсақ, онда бұл тек ғылыми жобалар ғана емес, сонымен қатар даму жобалары да. ЖББМ-ға халықаралық әріптестер, оның ішінде $1 млн.доллардан астам сомаға 13 жобаға демеушілік жасайтын даму институттары сенім білдіреді. Олардың кейбіреулеріне мен тікелей қатысамын.

 Біріншісі – бұл АҚШ Ұлттық инженерлік және медицина ғылымдары академиясының (2021-2022) гранты, оның аясында біздің институтаралық зерттеу командамыз NEET – жұмыссыз жастардың мәселелерін зерделейді. Бұл жоба да адам капиталын дамыту туралы. Егер мен ғылыми мансабымның басында Болашақ стипендиаттарын зерттесем, бұл жобада оқумен және жұмыспен жолы болмағандардың проблемаларын зерделейміз.

Екінші, өте маңызды жоба – бұл Knowledge Innovation Exchange Europe Asia Pasific (2020-2023ж.) жобасын іске асыру бойынша НОРРАГ-пен стратегиялық әріптестік. НУ бұл жобада пайда алушы ретінде емес, білім берудегі жаһандық әріптестік (GPE) қаржыландыратын жобаның бірлескен орындаушысы ретінде әрекет етеді. Жоба дамушы 21 елде білім беру жүйесін дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ, өткен жылы біз әзірлеген білім беру саласындағы зерттеушілерге арналған Зерттеу этикасы кодексі туралы айтпасқа болмас. Бұл әлеуметтік ғылымдардағы басқа зерттеушілер үшін пайдалы болады. Бұл еліміздің ғылыми инфрақұрылымының дамуына үлкен үлес қосатын Қазақстандағы алғашқы кодекс. Келесі қисынды қадам – жоғары оқу орындарында зерттеу этикасы бойынша комитеттер құру.