Жұлдыздар жақындай түседі
Назарбаев Университетінің ғалымдары енді жұлдызды нысандарды қадағалай алады, сондай-ақ Алматы облысындағы Ассы-Түрген обсерваториясында орналасқан телескопты Нұр-Сұлтан қаласындағы зертханадан шықпай-ақ нақты уақыт режимінде басқаратын болады.
Энергетикалық ғарыш зертханасының қызметкерлері жұлдыздарды бақылау үшін телескоппен қашықтан басқару бойынша NUTTelA-TAO жобасының екінші кезеңін аяқтады. Енді обсерваторияны бақылау университет зертханасынан тікелей қол жетімді, сол жерден телескопты, күмбезді, камераны және обсерваториядан 1000 км қашықтықта нақты уақыт режимінде басқа да процестерді басқаруға болады.
Одан әрі телескоп автономды жұмыс істейтін болады: пайда болған гамма-жарқылдарды қадағалауға және дереу ден қоюға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде осы таңғажайып табиғи құбылысты зерттеу саласында жаңалықтар ашуға мүмкіндік жасайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың маусымында Назарбаев Университетінде “Exploring the Energetic Universe 2019” екінші халықаралық конференциясы өтті. Онда Қазақстанда жаңа жылдамдығы жоғары телескоптың іске қосылғандығы туралы жарияланды. Телескопты Нобель сыйлығының лауреаты және НУ Энергетикалық ғарыш зертханасының жетекшісі профессор Джордж Смут командасының мүшесі болып табылатын Энергетикалық ғарыш зертханасы экспериментальді тобының басшысы профессор Брюс Гросан басқарып отырған әзірлеушілер командасы жасады.