“Анам ештеңеге мұқтаж болмасын”. Назарбаев Университетінің түлегі жыл сайынғы $1 млн айналымы бар стартапты қалай іске қосқаны туралы әңгіме
Аян Бірімжан, Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің түлегі, “HEALTH PROJECT” салауатты тамақтану сервисінің бірлескен негізін қалаушы, кәсіпкер, тұрпаты келісті 25 жастағы жігіт, жауапты ұл, қамқор аға, қызығуға тұрарлық күйеу жігіт.
Бүгінгі таңда “HEALTH PROJECT” стартапы – бұл салауатты тамақтану асханалары мен кофеханалар желісі және жылына 1 млн доллар айналымы бар, 55 қызметкердің командасы және алғысын жаудыратын мыңдаған клиенттер.
Барлығы қалай басталып еді? Стартаптың қалыптасуына кім көмектесті? Идеядан ауқымды бизнеске қалай жетуге болады?
Сонымен, бәрінің қалай болғанына көңіл бөліңіз.
Аян, “HEALTH PROJECT” құру идеясы қайдан шықты?
— Әуелі стартапты қашан және қалай ашу керектігі туралы өз бақылауларыммен бөліскім келеді:
1) Егер сен бірдеңе істеуді ұнатсаң немесе сүйікті ісің болса, дәл осы салада стартап ашу керек.
2) Егер сіздің сүйікті ісіңіз болмаса, бірақ сіз қоғамда қандай да бір әлеуметтік мәселені көріп, оны қалай шешуге болатынын білсеңіз, жобаны міндетті түрде осы бағытта ашу қажет.
Менің жағдайымда екі фактор болды: Мен өз ісімді жақсы көрдім және бұл мәселені түсіне бермейтіндер үшін дұрыс тамақтануды ұсыну шешім болып табылатынын көрдім. Яғни, мен бодибилдингті жақсы көремін, өз денсаулығымды қадағалаймын және дұрыс тамақтанамын, сондықтан жобаны осы бағытта таңдадым. Ал барлығы менің өзіме тамақ дайындау немесе анамнан сұрау қиын болғанынан басталды, мен күнделікті дайын тағамды жеткізу арқылы осындай қызмет көрсету өте жақсы болар еді деп ойладым. Бұл идея пайда болған кезде мен әлемнің құпиясын білгендей болдым! Ешкімге айтқан жоқпын. Екі аптадан кейін анаммен бөлістім, ол мені қолдады.
“Мен өзімді ғана емес, ата-анамды да қамтамасыз етемін деп өзіме уәде бердім»
Жобаны қашан іске қосуға шешім қабылдадыңыз?
— Жобаның іске қосылуының бір себебі отбасында ақшаның жетіспеушілігі болды. Біздің отбасымызда бес ұл бар, мен төртіншімін. Менің ата-анам көп жұмыс істеді және біздің отбасы ешқашан соншалықты қаржылық проблемаларды сезінген жоқ, бірақ 2015 жылы әкем үй саламын деп екі кредит алған болатын, ақшаның басым бөлігі оларды өтеуге жұмсалатын болды. Кім жалақысын алса, бірден тамақ сатып алатын. Бірде жаттығудан үйге келсем (мен ол кезде жарыстарға дайындалып жүрген едім), жалақыға әлі ерте екеніне қарамастан тоңазытқыштың әр түрлі азық-түлікке толып тұрғанын көрдім. Анамнан сұрағанда, ол ақшам болмаған соң әкең сыйлаған сақинаны ломбардқа кепілге салдым деп жауап берді. Осылайша, тамаққа және шоттарды төлеуге және т.б. ақша пайда болды.
Мен үшін бұл нағыз бетбұрысты сәт болды.
Сол кезде мен Назарбаев Университетінің үшінші курс студентімін, қол-аяғы бүтін, дені саулығы жақсы және мықты жігіт бола тұра қайдағы бір пайдасыз істермен айналысатынымды түсіндім: Youtube-те толып жатқан роликтерді көремін, көңіл көтеремін, ал өз отбасым үшін жауапкершілік алмайды екенмін. Сол кезде мен өзімді ғана емес, ата-анамды да қамтамасыз етемін деп өзіме уәде бердім. Иә, мен мұны қалай жасайтынымды білмедім, бірақ дәл сол кезде өз жобамды іске қосу ниеті пайда болды.
“Сен бірдеңе істеуің керек, немесе қолда барыңмен өмір сүресің»
Сонымен, сізде идея, ниет пайда болды, сіз неден бастадыңыз?
— Егер не үшін керек болса, онда сіз әрқашан қалай істеудің жолын табасыз. Сондықтан, менде не үшін керек екені және мен мұны кім үшін жасаймын деген пайда болған кезде, мұны қалай іске асыру құралдары істің барысында пайда болды. Не істеу керек екенін түсінбесем де, бірдеңе істеу керек екенін түсіндім.
Ал бәрі мен анаммен бірге интернеттен алған рецепт бойынша өзіміздің ас үйде тамақ дайындаудан басталды. Мен өзімнің туыстарыма, достарым мен сыныптастарыма былай жаздым: “Ішіңнің бұлшық етінің тап менікіндей тығыршықтай болғанын қалайсың ба? Мен сіздерге тамақты анаммен бірге үйде пісіретін боламын!»
“Natural” жобасы дәл осылай басталған болатын, оның негізгі идеясы дұрыс тамақтанудың көмегімен химиясыз және анаболикалық препараттарсыз белгілі бір нәтижеге (жақсы дене бітімімен) қол жеткізу болды.
Сол уақытта менің бодибилдинг бойынша белсенді жаттығулар мен жарыстардың арқасында дене бітімім жақсы болды, адамдар маған сенді. Алғашқы клиенттерім бірге туған екі ағам болды. Олар 50 мың теңгеден берді. Оларға мен өнімдер сатып алдым, анам таңертеңгі сағат 6.00-де тұрып 7.30-ға дейін тамақ дайындады, мен содан кейін тапсырысты ағаларыма апаратынмын. Әрі қарай тапсырыстар достардан және таныстардан келіп түсті. Сырттан тапсырыстар көп болғанда, біз цех туралы ойлана бастадық.
«Салауатты тамақтану ғана емес, киім бренді, жаттығу залдары және т.б. туралы идея пайда болғанда, жоба “Health project” деген атауға ие болды. Алайда бұның бәрі болашақтың ісі!»
Менің ағамның досында цехы және аспаз болды, оны менің идеям қызықтырды және біз серіктес болдық. Менің жолым болды, себебі жалдау ақысын төлеу қажет емес еді, ал таза пайданы тең бөлдік. Осылайша, біз екі айдай жұмыс істедік, содан кейін біздің жолымыз екі айырылды. Ол басқа салада бизнеспен айналысты, ал мен қоғамдық тамақтануда қалып, жобаны жалғастыра беруге шешім қабылдадым.
Сенің жетістігіңнің 80 % – ы кіммен және керекті сәтте қай жерде табылатыныңа байланысты екенін есте сақтау маңызды. Біздің өмірімізде оқиғалар тізбегі маңызды рөл атқарады. Егер мен Назарбаев Университетінің студенті болмасам, онда өз жобаларымды жасауға болатынын білмес едім.
Сізге НУ не берді?
— Мен Қазақстандық және шетелдік университетте оқыдым. Сондықтан, оқыту әдістері, кітаптар, негізінен, ұқсас деп айта аламын. Бірақ мұнда ең бастысы, барлығы сабағын оқитын немесе оқымайтын студенттің өзіне байланысты.
НУ-де оқу маған, біріншіден, шетелдік оқытушылардың арқасында үлкен халықаралық тәжірибе берді. Екіншіден, қатал бәсекелестік жағдайында өмір сүруге қабілеттілікті берді, өйткені НУ-не оқуға түсу үшін барлық студенттер қатал іріктеуден өтеді, «Алтын белгі» иегерлері және түрлі олимпиадалардың жеңімпаздарымен бірге оқыдым, сондықтан көп тырысуға тура келді, бұл мені жетістікке жетеледі. Үшіншіден, дағдылар мен сапалы білім берді, олар маған қазір бизнесте көп көмектеседі. Менің жақын достарымның бірі, табысты кәсіпкер маған бірде былай деді: «Егер сен университетте эконометриканы оқып, біліміңді тамақтану саласында өз бизнесіңде қалай қолдануды білмесең, онда бұл сенің проблемаң, университет саған білім бермегенінде емес. Бұл сен осы білімді қалай қолдану керектігін білмейтіндігіңді білдіреді». Төртіншіден, мені өршіл, жақсы жігіт болуға қалыптастырған орта болды. Бесіншіден, НУ маған тек өзіме арқа сүйеуді үйретті, себебі студенттерге қойылатын талаптар өте жоғары, емтихан тапсырғанда біреуден көшіруге, алдауға болмайды.
“HEALTH PROJECT” бұл дұрыс және салауатты тамақтану, сіз тамақ мәзірін қалай әзірледіңіз?
— Шынында да біз оның алуан түрлі болуына ұмтылып ас мәзіріне ерекше көңіл бөлеміз. Дұрыс мәзір құру үшін диетологтар мен нутрициологтарды шақырдық. Биыл астананың Бас аспазшылар қауымдастығымен бірге біз оны айтарлықтай жақсарта алдық. Қазір мәзірде 50-ден астам әр түрлі тағамдар бар. Сайтта күніне қанша калория қажет екенін санау және тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, біздің барлық клиенттеріміздің өзіміздің диетологпен кездесу және оның кеңесінен кейін қажетті мәзірді таңдау мүмкіндігі бар.
Сіздің алдағы жоспарларыңыз қандай?
— Жақын арада біз бірнеше кофехана аралдарын және дұрыс тамақтанудың вендингтік аппараттарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл Нұр-Сұлтан мен Алматыда кең ауқымда іске қосу жоспарланып отырған жаңа формат.
Бұдан басқа, мен стартапер мен кәсіпкер ретінде өз тәжірибеммен бөліскім келеді, оқыту емес атап айтқанда бөліскім келеді. Мектептерде “Кәсіпкерлікке кіріспе” пәні болса, пайдалы болар еді деп ойлаймын. “Атамекен” ҰКП бірнеше мектепте қонақ кәде дәрістері сериясын іске қосқаны қуантады және жоғары сынып оқушыларына кәсіпкерлік мәдениетін дарыту қажет деп санаймын.
“Бодибилдингте бір аксиома бар. Сіз өз бұлшық етіңіз үшін қаншалықты көп күйзеліс жасасаңыз бұлшық етіңіз соғұрлым өсе түседі. Иә, атлетке бұл соншалықты қиын, бірақ осындай табалдырықты еңсере отырып, ол күшіне күш қосатын болады»
Сіз осы уақытқа дейін бодибилдингпен шұғылданасыз ба?
— НУ-да оқып жүрген кезімде белсенді жаттығатынмын, ұйқыдан оянғанда жаттығу кезінде зілтемірді қанша рет сығымдап көтеретінімді ойлайтынмын. Бес рет жарысқа қатысып, бірінші орындарды иелендім. Қазір менде мұндай өршіл ойлар жоқ, денемнің сынын бұзбай сақтауға тырысамын.
Анаңыздың сақинасын ломбардтан сатып алдыңыздар ма?
— Иә, бір айдан кейін әкем оны өзі сатып алды. Бірақ көңілімде бір кірбең қалды, енді мен анам ештеңеге мұқтаж болмау үшін бәрін де жасаймын. Ал бір жыл бұрын әкеме машина сатып әпердім! Менің бір өкінішім, осыны ертерек емес 24 жасқа келгенде жасағаным..
Аянның бес құпиясын айтып бере аласыз ба?
- Сіз тіпті аспазшы болмасаңыз да кафе аша аласыз.
- Сіздің жетістігіңіздің 80 % – ы қай жерде, кіммен және керекті сәтте болуыңызға байланысты болады.
- Егер не үшін керек болса, онда қалай істеудің жолын табасыз.
- Таңдау өзіңде – сен бірдеңе істейсің, немесе қолда барыңмен өмір сүресің.
- Іс-қимыл жасайтын стратегияны өзің таңда. Қандай шешім қабылдағаныңыз маңызды емес, ол әрдайым дұрыс болып шығады.
“Мен әркімнің өз өмірін түбегейлі жақсартатына сеніп қана қоймай, бұны білемін, өйткені мен осылай жасаған адамдарды білемін, олар маған үлгі болып табылады. Менде бәрі де міндетті түрде бәрі жақсы болатынын нақты білемін, өйткені бұл мен үшін, менің туған-туыстарым мен жақындарым үшін маңызды»
- Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламалары мен оқуға түсу жайлы ақпаратты осы жерден білуге болады.
Басқа материалдар:
FAQ. Назарбаев Университетіне қалай түсуге болады?
Табысты стартапшының 5 негізгі аспектілері