Назарбаев Университеті мен Гарвард Орталық Азиядағы империялық және кеңестік өткенді және оның мұрасын талқылайды
Назарбаев университеті Гарвард университетімен (Дэвис-орталық) бірлесіп, 2022 жылғы мамырдың 21 және 22-і Нұр-Сұлтан қаласында «Империя, колониялар және білім» халықаралық конференциясын өткізеді.
Конференция Ресей империясында метрополия мен периферия диалогын қалыптастырудағы ұлттық элиталардың рөліне, сондай-ақ посткеңестік елдердің Батыспен қарым-қатынастарын дамыту тақырыбына арналады.
Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Жапония, Германия және Ресей елдерінен жетекші тарихшылар, саясаттанушылар, халықаралық қатынастар саласындағы мамандар қатысады.
21 мамырда негізгі баяндаманы кеңестік ұлттық саясат жөніндегі жетекші сарапшы, Гарвард университетінің профессоры Терри Мартин жасайды.
22 мамырда конференцияның бағдарламасы аясында «Еуразия және Батыс 1991 жылдан бастап» атты дөңгелек үстел өтеді.
Конференцияның бағдарламасы, оның өтетін орнына қолжетімділік, сондай-ақ БАҚ-та жариялау туралы мәселелер бойынша.
Күні және уақыты: 21 мамыр 09:00 – 19:00, 22 мамыр 08:30 – 15: 45.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев Университетінің кампусы, C3 блок, 1010 ауд.